$ 444.14  477.05  4.85

Қазақстанның тағы бір қаласы жаңбырдан кейін су астында қалды

Қала орталығында көлік қозғалысы қиындаған.
Фото: ulysmedia
Фото: ulysmedia

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Талдықорғанның орталық көшелерін су басты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазіргі таңда Назарбаев пен Ақын Сара көшелерінің қиылысы су астында қалғаны мәлім болды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қала орталығында көлік қозғалысы қиындаған.

Айта кетейік, күні кеше Астана мен Алматы көшелерін су басқан болатын. Сондай-ақ Қарағандыда ауа райының қолайсыздығы су тасқынына себеп болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары