$ 494.87  520.65  4.91

Илон Маск пен Марк Цукерберг арасындағы айқас ежелгі Рим стилінде өтеді

Маск мұның алдындағы «жекпе-жек UFC алаңында өтеді» деген ақпаратты жоққа шығарды.
Фото: armenpress.am
Фото: armenpress.am

Миллиардерлер Илон Маск пен Марк Цукерберг арасындағы жекпе-жектің қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында X әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск өз парақшасында мәлімет таратты.

Оның айтуынша, аталмыш айқасты оның және Цукербергтің қоры ұйымдастырады.

Осылайша Маск мұның алдындағы «жекпе-жек UFC алаңында өтеді» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Тікелей эфир X платформасында (бұрынғы Twitter желісінде-ред.) және Цукербергке тиесілі Meta-да көрсетіледі.

Камераға түсетін бүкіл көрініс ежелгі Рим стилінде болады, демек заманауи ештеңе күтпеңдер. Мен Италияның премьер-министрімен және мәдениет министрімен сөйлестім. Олар шараны эпикалық орында өткізуге келісті, - деп жазды Илон Маск парақшасында.

Миллиардердің сөзіне қарағанда, түскен қаражат түгел ардагерлерге беріледі.

Еске салайық, бұған дейін Илон Маск Марк Цукербергке қарсы жекпе-жекке қызу дайындық жүргізіп жатқанын хабарлаған едік.

Қос миллиардердің октагонда жекпе-жек өткізуіне қатысты идеясы 20 маусымда туындаған.

Италия үкіметі айқасты Рим Колизейінде ұйымдастыру үшін Марк Цукербергпен байланысқа шыққан.

Жекпе-жек 26 тамызда өтуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары