Өткен жылдың тамыз айында үйінен кетіп, қайта оралмаған 17 жастағы Амандық Сатыбалдиев өлі табылды. Туғандары оны қолындағы сақинасынан таныған деп жазады "Лада" порталы.
Марқұмның денесін полицейлер тауып, 16 ақпан күні туған-туыстарына қаралы хабарды естірткен.
"Біздің туыстарымыз мәйітті қарауға барып келді, қолындағы сақинасынан Амандық екенін таныды. Бізге оны Приозерный аумағында қамыстардың арасынан табылғанын айтып отыр", - дейді марқұмның әкесі.
Ішкі істер органдары бұл жайтқа байланысты әлі ешқандай мәлімет берген жоқ. Баланың неден қайтыс болғаны да белгісіз.
Айта кетейік, Амандық Сатыбалдиев былтыр 26 тамыз күні Маңғыстау-5 ауылындағы үйінен кешкі сағат сегіздер шамасында шығып, сол күйі қайта оралмаған. Бозбаланы туған-туыстары мен 50 сарбаз және полицейлер іздеді. Алайда, іздек шаралары нәтижесін берген жоқ.
Әкесінің айтуынша, Амандық бір қызға ғашық болып, сол бойжеткеннің ата-анасымен сөзге кеген екен. Жоғаларының алдында Амандық қыздың анасымен SMS-хабарлама алмасқан.