$ 487.24  529.34  5.02

Осман Дембеле ПСЖ клубына ауысты

Ол Париж клубымен бес жылдық келісімге келді.
фото: PSJ
фото: PSJ

Осман Дембеле ресми түрде «Барселона» клубынан Францияның ПСЖ командасына ауысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол Париж клубымен бес жылдық келісімге келді. Трансфер құны 50 миллион еуро. 

26 жастағы вингер 23-нөмірмен ойнайды. Дембеле «Барселона» сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетті. Ол үш рет Испания чемпионатында топ жарған. 185 матчта 62 гол соққан.

«Барселонға» дейін Дортмундтың «Боруссия» клубында өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары