Әлеуметтік желілерде Талдықорғандағы мәйітхана қызметкерлерінің жұмыс барысындағы видеосы тарады. Онда жұмысшылар қаптарға салынған мәйіттерді қалай болса солай жүк көлігіне тиеуде. Аталған жайтқа қатысты ҚР Әділет Министрлігі Сот сараптамалары орталығы түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Видео 2021 жылы түсірілген, аталған мәйітхана ғимараты Жетісу облысы бойынша сот сараптамалары институтына тиесілі. Алайда, танылмаған және талап етілмеген мәйіттерді жерлеу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Сот сараптамалары институтының қызметкерлері мәйіттерді жерлеу (мәйітті жуу, қырындыру) және мәйітті орау жұмыстарын ғана жүзеге асырады», - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, аталған видеода танылмаған және талап етілмеген мәйіттерді жерлеу жұмысын Талдықорған қаласы әкімдігі мен «Пятый регион» ЖШС арасындағы келісімшарт бойынша жүзеге асырып жатқан «Пятый регион» ЖШС қызметкерлері. Олардың Жетісу облысы сот сараптамалары институтының қызметіне ешқандай қатысы жоқ.