$ 443.37  474.49  4.83

16 тамыз күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

«Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау» тақырыбына көпшілік тыңдау өтеді.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 тамыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Журналистер аллеясында Мәжіліс депутаттары Павел Казанцев пен Марат Башимов «Байқоңыр» ауданының қоғамдық кеңістіктері мен аулаларының жай-күйімен танысады.

11.00-де Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде «Астана қаласы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы» онлайн брифинг өтеді. https://www.facebook.com/rsk.astana01

11.00-де «Самұрық-Қазына» баспасөз орталығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарматөрағасы Мәулен Айманбетовтың брифингі өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бірінші жартыжылдықтағы қызметтік-жауынгерлік іс-қимыл қорытындысы және ведомствоны кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу» атты баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

17.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында «Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау» тақырыбына көпшілік тыңдау өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары