$ 444.14  477.05  4.85

Канело мен Джермелл Чарло алғашқы көз арбасу рәсімін өткізді

Боксшылар екінші орта салмақ санатында кездеседі.
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Канело мен бірінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Чарло рингте 30 қыркүйекте кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл – бокс тарихында екі абсолютті чемпион арасындағы алғашқы жекпе-жек. Ол АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Боксшылар екінші орта салмақ санатында кездеседі. Бұл үшін Чарли 7 келі қосты – 69,8-ден 76,2 келіге көтерілді.ар

Канело –IBF, WBC, WBA Super, WBO және The Ring нұсқалары бойынша екінші орта салмақта абсолютті чемпион.

Джермелл Чарло – IBF, WBC, WBA Super және WBO нұсқалары бойынша бірінші орта салмақтағы абсолютті чемпион.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары