Суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Канело мен бірінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Чарло рингте 30 қыркүйекте кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл – бокс тарихында екі абсолютті чемпион арасындағы алғашқы жекпе-жек. Ол АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.
Боксшылар екінші орта салмақ санатында кездеседі. Бұл үшін Чарли 7 келі қосты – 69,8-ден 76,2 келіге көтерілді.ар
Канело –IBF, WBC, WBA Super, WBO және The Ring нұсқалары бойынша екінші орта салмақта абсолютті чемпион.
Джермелл Чарло – IBF, WBC, WBA Super және WBO нұсқалары бойынша бірінші орта салмақтағы абсолютті чемпион.