Жамбыл облысының Талас ауданында үйінің бақшасында есірткі өсірген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған дерек облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, ҰҰ «Бүркіт» АМБ қызметкерлері мен «Теа» атты қызметтік иті арқылы «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында анықталған. 54 жастағы жергілікті тұрғынның үйінің бақшасында 22 келі 200 грамм өсірілген қарасора, сондай-ақ жалпы салмағы 138 грамм 500 мг болатын «кептірілген марихуана» табылып, тәркіленген.
Ұсталған адам кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 2-бөлігі, яғни өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе сораның, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сұрыптарын өсіру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. есірткі, – деді Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.