$ 446.49  475.38  4.79

ШҰҒЫЛ: Жамбыл облысында сарбаздар қар көшкінінің астында қалып қойды

Жамбыл облысында әскери дайындық шаралары кезінде қар көшкіні жүрді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға Жамбыл облысындағы Көксай аңғарында орын алған. Қазір ол жерде іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Жамбыл облысының Көксай аңғарында 91678 әскери бөлімінің сарбаздарымен жоспарға сәйкес жүргізілген әскери дайындық шарасы кезінде аяқасты қар көшкіні жүрді. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетімен бірігіп қазір іздеу және құтқару операциясы жүргізілуде. Қазіргі таңда "Оңтүстік" аймақтық басқару командирінің басшылығымен арнайы штаб құрылды. Құтқару операциясы жөніндегі қосымша ақпарат таратылатын болады", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары