$ 443.85  474.3  4.8

Қытайда 72 жастағы зейнеткер жынысын ауыстырды

Пекиннің 72 жастағы тұрғыны жынысын өзгертті деп хабарлайды China Daily. Бұған дейін ер азамат болған зейнеткер енді ресми түрде әйел деген құжат алмақ.

Жыныс ауыстыру операциясы 15 ақпан күні Гуандун провинциясының Хойчжоу қаласында орын алып, бірнеше сағатқа созылған. Синь Юэ есімді азамат жынысын әйелдікіне ауыстырумен қатар төсін де үлкейтіпті.

Хирургиялық операциядан бұрын Юэ бірнеше медициналық тесттен өтіп, екі мыңнан астам сұраққа жауап берген.

Айта кетейік, қытайлық зейнеткер 1970 жылы үйленіп, 2000 жылы ажырасқан екен. Оның бір қызы бар. Бұрынғы әйелі Лэн Жуй болса экс-күйеуінің шешімін толықтай қолдап, операция жасар сәтте жанында бірге болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары