$ 443.35  475.54  4.82

Бүгін ауа райы қандай болады?

Республика бойынша екпінді жел күтіледі.
Фото: twitter.com
Фото: twitter.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 17 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр, найзағай, түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр және жылбысқы қар).

Республика бойынша екпінді жел күтіледі. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз Атырау облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35-36°С қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары