$ 439.4  473.54  4.76

Алматы облысында әйел сүйек жұтып қойған

Облыс тұрғыны қабылдау бөліміне тамақ пен іш ауруына шағымданып келген.
Фото: Алматы қаласы ДСБ
Фото: Алматы қаласы ДСБ

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері сүйекті жұтып қойған Алматы облысының тұрғынын аман алып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс тұрғыны қабылдау бөліміне тамақ пен іш ауруына шағымданып келген. Айтуынша, төрт күн бұрын тамақ ішіп жатқанда сүйек жұтып қойған.

Сүйек тамағыма кетіп қалғанда мен дереу біздің аудандық ауруханаға бардым, мені тек амбулаториялық емделуге жіберді. Тамағымның ауырғаны кетпеген соң жеке клиникаға бардым, олар мені облыстық ауруханаға жіберді, - дейді пацинет.

Тексеру барысында дәрігерлер өңештің іш қуысының шырышты қабығында өткір сызықтық жыртылулардың пайда болғанын анықтаған.

Бастапқыда хирургиялық араласу арқылы сүйекті алу мәселесі туындады, өйткені шырышты қабық жарылған және сүйектің ағзада болғанына төрт күннен асқан. Бірақ консилиум кезінде эндоскопиялық емдеу әдісін жүргізу туралы шешім қабылданды, - дейді клиникалық-диагностикалық бөлімшенің дәрігері Данияр Қожантайұлы.

Айта кетейік, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері диагностика мен емдеудің аз инвазивті эндоскопиялық әдістерін кеңінен қолданады, бұл әдістер көп жағдайда классикалық жедел хирургия әдістерін тиімді алмастырады. Ағзаға хирургиялық пышақ тимеген соң, мұндай араласулардан кейін науқастың оңалуы әлдеқайда жылдам өтеді. Сондықтан қазір таңда сүйек жұтып қойған пациенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары