$ 444.22  476.38  4.82

Жамбыл облысындағы қар көшкіні 20 сарбазды басып қалған - ҚР ІІМ ТЖК

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Жамбыл облысындағы қар көшікінінің салдары жайында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазірге дейін қар астынан 6 сарбаз құтқарылған.

"Қолда бар мәліметтер бойынша, орманшы қар көшкіні болған кезде 4 сарбазды құтқарып алған. Кейін құтқару шаралары басталғанда мамандар тағы сарбазды қар астынан алып шықты", - деді Руслан Иманқұлов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жамбыл облысының Көксай таулы аңғарында арнайы жаттығуда болған 91678 әскери бөлімінің 20-дан астам сарбазы қар көшкінінің астында қалып қойған еді. Олар жоспарға сәйкес әскери жаттығулардан өтіп жатқан.

Қазіргі таңда оқиға болған аймақта өзге сарбаздарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары