$ 443.44  480.51  4.88

Шавкат Рахмоновқа лайық қарсылас ұсынылды

Шавкаттың америкалық Келвин Гастелуммен қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды.
Фото: UFC
Фото: UFC

UFC-де өнер көрсететін ирландиялық файтер Иан Гарри залда бірге жаттығатын қазақстандық Шавкат Рахмонов кіммен айқақса шыға алатыны туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шавкаттың америкалық Келвин Гастелуммен қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. Қазіргі таңда менеджерлер Рахмоновқа жаңа қарсылас іздеп жатыр. Осы ретте қазақстандықпен АҚШ-тағы Kill Cliff FC залында бірге жаттығатын Иан Шавкат жұдырықтаса алатын бірнеше қарсыласты атады. 

Гастелуммен жекпе-жек Шавкат үшін жақсы болатын еді. Шавкат - мықты жігіт. Өте-мөте жақсы файтер. Мен оны кезегімен бірнше файтерге қарсы айқасын көргім келеді. Шавкаттың Кевин Холландпен жекпе-жегін тамашалар едім. Одан кейін Белал Мухаммадпен жұдырықаса алады.  Кевин Холланд - лайық баға берілмеген қарсылас. Мені қоса алғанда көп файтерге қарсы жекпе-жекте ол жақсы өнер көрсете алады. Оны қауіпті деп есептеймін. Ал Шавкатқа топ-5 тізімге жетуді көздеу керек деген ойдамын. Кевин Холланд айтарлықтай жақсы қарсылас, сондықтан матчмейкер болсам, мен Кевин - Шавкат айқасын ұйымдастырар едім, - дейді ол The Schmo-ға берген сұхбатында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары