$ 514.65  544.6  5.17

ШҚО-да полиция подполковнигін соққыға жыққан ауыл тұрғыны сотталды

Қайтыс болған ауыл тұрғынының ұлы қызметкерлерге агрессия танытып, подполковникке жұдырық жұмсаған.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

ШҚО-да полиция подполковнигін соққыға жыққан ауыл тұрғыны сотталды. Оқиға Самар ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 шілдеде полицияға ауылдардың бірінде адам қайтыс болғаны туралы хабарланды. Полиция подполковнигі К. көрсетілген мекенжайға барды. Қайтыс болған ауыл тұрғынының ұлы қызметкерлерге агрессия танытып, подполковникке жұдырық жұмсады.

Күршім аудандық соты ер адамды Қылмыстық кодекстің 380-бабының 3-бөлігі (билік өкіліне қатысты өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану) бойынша айыпты деп танып, оны екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары