$ 495.2  522.34  4.94

Ресей мен Қазақстан шекарасында дала өртенді

Шекарашылар мен өрт сөндірушілер оттың Қазақстан аумағына өтуіне жол бермеу үшін түні бойы кезекшілік етті.
Фото: diapazon.kz
Фото: diapazon.kz

15 тамызда Орынбор облысының Кувандык қалалық округі мен Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы арасындағы шекараға жақын маңда дала өртенді. Бұл туралы ғарыштық мониторинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өрт еліміздің аумағына өтпеуі үшін ТЖД бөлімшесінің алты қызметкері Орал АЦ 5-40 және ДЖАК өрт сөндіру машиналары кезекшілікке жіберілді. Сондай-ақ шекара бөлімшесінің қызметкерлері мен ерікті өрт сөндіру бөлімдері шекара бойында кезекшілік етті.

«Ресей Федерациясы Орынбор облысымен өзара іс-қимыл аясында Ресей Федерациясының мамандары өртті сөндірді. Жағдай Мәртөк ауданы ТЖБ-ның тұрақты мониторингті менбақылауында болды»,- деп хабарлады ТЖД.

Кезекшілік 16 тамызда таңғы 8:40-та аяқталды. Ресейден оттың өтуі болған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ресей #өрт