$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында шахта өртеніп жатыр: 227 адам эвакуациялануда

Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылып жатыр.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қарағанды облысында «Қазақстан» шахтасы өртеніп жатыр. Бұл туралы «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 тамыз күні сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті «Қазақстан» шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Аварияны жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының (15 маманы мен 5 техникасы) және Төтенше жағдайлар департаментінің (8 маманы мен 2 техникасы) 3 бөлімшесі барды.

Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылып жатыр. Оқиға орнына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының (15 маманы мен 3 техникасы) және ТЖМ-ның (8 маманы мен 2 техникасы) қосымша күштері бара жатыр», - деп атап өтеді компаниядан.

Қосымша ақпарат сәл кейінірек берілетін айтылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары