$ 441.66  475.14  4.86

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: екі адамның денесі табылды

Шахтадада 227 адам болған.
фото @ Павел Лисицын
фото @ Павел Лисицын

Қазақстан» шахтасында жер астынан хабарсыз кеткен 5 кеншінің 2-уінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында шахта өртеніп, 227 адам эвакуацияланғаны туралы хабарлаған едік.

Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылған.

Кейін өрт кезінде 5 кеншінің із-түссіз қалғаны және 4 адам ауруханаға жеткізілгені айтылды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағымданған. Қазіргі уақытта 4 адам, оның ішінде екеуі Шахтинск қаласының орталық ауруханасына, тағы екеуі облыстық медициналық орталыққа жатқызылды.

Оқиға орнында Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #шахта #дене