$ 443.44  480.51  4.88

Семей тұрғыны нанның ортасына телефон жасырып, сотталған ағасына жеткізбек болған

Алдымен ол нанды екіге бөліп, телефонды ішіне салып, екі бөлігін сұйық қамырмен жабыстырып, қайта пісірген.
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Семей тұрғыны нанға телефон жасырып, сотталған ағасына жеткізбек болған, деп Polisia.kz сайты.

Семей қаласының №19 мекемесінде тексеру тобының қызметкерлері кезекті тыйым салынған затты, ұялы телефон мен оған арналған қуаттағыш құралды жеткізу әрекетінің жолын кесті.

Семей қаласының тұрғыны сотталған ағасы Р.-ға қысқа мерзімді кездесуге келіп, оның өтініші бойынша нанға телефон тығып алып келген. Алдымен ол нанды екіге бөліп, телефонды ішіне салып, екі бөлігін сұйық қамырмен жабыстырып, қайта пісірген.

2020 жылы сотталған Р. достарымен бірлесіп, ақтаулық ауқатты кәсіпкердің әкесінен 80 миллион теңге өтемақы талап ету мақсатында қызын ұрлаудың қылмыстық жоспарын әзірлеген. Облыстық сот оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы (Адам ұрлау) бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтеуге 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Колонияға келген әрбір азамат мекеме аумағына тыйым салынған заттарды әкелуге әрекет жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы жазбаша түрде хабарланады, алайда бұл ереженің өзі сотталғандардың туыстарын тоқтатар емес, – дейді №19 мекеме бастығының орынбасары Нұржан Шидебаев.

Ал, сотталғанның ағасы ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік жазаға тартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары