$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстан» шахтасындағы апат: үшінші кеншінің мәйіті табылды

Шахтадағы апат 17 тамызда шықты.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасында үшінші кеншінің мәйіті табылды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді. Оның ішінде жерлеуге байланысты шығындарды жабу, қайтыс болған жұмысшылардың 10 жылдық жалақысы мөлшерінде отбасына біржолғы төлем беру, 18 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы сақтандыру төлемін (бала студент болса, 23 жасқа дейін) беру және 23 жасқа толмаған балалардың алғашқы күндізгі оқу нысанындағы оқуына және оған байланысты барлық шығынына ақы төлеу кіреді.

Баспанасы жоқтарға тұрғын үй сатып алу немесе ол үшін біржолғы өтемақы беріледі. Қолданыстағы тұрғын үйді жөндеуге ақы төлеу, ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін жабу, серіктестік кәсіпорындарында әйелдер мен балаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, әйелдер мен балаларға арналған санаторийлер мен балалар лагерлеріне жыл сайынғы жолдама беру қарастырылған.

2023 жылдың 17 тамызы сағат 10:00-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды. Шахтада барлығы 227 адам болған. Сол күні шахтадан 222 адам жер бетіне шығарылды, қалған 5 кеншіні іздеу жұмыстары жүргізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары