$ 494.87  520.65  4.91

Балабақшада тағы дау: Денесі тістелген баланың фотосы тарады

Қазір бұл жағдай Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында.
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Әлеуметтік желілерде жекеменшік балабақшада баланың денесі тістелген фото тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Абай ауылындағы «Жәния» балабақшасында бүлдіршін денесінің қатты тістеп алынғаны түсірілген фотолар тарап жатыр. Ата-аналар мұны ересек адамның ісі деп отыр. Қарасай ауданы ПД-да Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 1-бөлігінің 127-1 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Директорға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 3-бөлігінің 409-бабымен облыстық білім басқармасына хаттама дайындалды. Оған қоса ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп жазылған Telegram-дағы egovpress парақшасында.

Балабақшада тағы дау: Денесі тістелген баланың фотосы тарады

egov.press 

Канал дәл сол күні электр энергиясы өшіп, камералар істемей қалғанын жазды.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы облысындағы «Жәния» жекеменшік балабақшада болған оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.

Алматы облысы білім басқармасының берген ақпарынша, бейнебақылау камераларының материалдарын зерделеу кезінде факт расталды. Қазір осы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ оқиға орнында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттің өкілдері де бар. Тексеру нәтижесіне сәйкес балабақша әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданады, - делінген Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің осы жағдайға қатысты ресми мәлімдемесінде.

Қазір бұл жағдай Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары