$ 494.87  520.65  4.91

Тәжікстан президенті мэр-ұлына Душанбені қалай басқару керектігі жөнінде бес кеңес берді (ВИДЕО)

Қаңтар айында "Бейбітшіліктің және бірліктің негізін қалаушы" және "Ұлт лидері" Эмомали Рахмон бұған дейін ұлын Тәжікстан астанасы Душанбе мэрі етіп тағайындаған болатын. Отызға толмаған Рустам Эмомали ТМД елдері ішіндегі ең жас әкім болып саналады.

Оның әкесі, Тәжікстан президенті бір отырыс кезінде оған елді қалай басқару керектігі жөнінде бес кеңес берді. Бірінші кеңесі әрқашан талапшыл бол деді. «Тапсырған бұйрықтарыңның орындалуын қадағала. Сен жассың, өте жассың. Мен сенің жасыңда совхоз директоры болғам», - деді Эмомали Рахмон.

Ол әрі қарай әкімнің құзыреті жөнінде айтты. «Ешкім сені басып тастай алмайды. Кімді жұмысқа алу, алмау жөнінде бұйрық бере алмайды. Сол үшін де мен сені тағайындадым», - деп атап өтті Эмомали Рахмон.

Үшінші кеңесі, халық үшін бағаны төмендет деді. Президент Рустам Эмомалиді азаматтарға лайықты жұмыспен, қоғамдық көлікпен және электр жарығымен қамтамасыз ет деді.

Президенттің төртінші кеңесі: қарамағыңдағы адамдармен дөрекі сөйлеме, олармен мәдениетті тілде сөйлес.

Соңында президент мэрге бизнес өкілдерінің үйінде түскі ас ішуші болма деді. «Мейрамханаға барма. Жұмысшылардың, қарттардың және жесірлердің үйінде тамақ іш. Олар саған дастарханына барын қояды, мәз болады. Олар өзінің үйіне сенің селгеніңді мәртебе санайды», - деді Эмомали Рахмон.

Дереккөз: centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары