Соңғы жаңалықтар

Эмомали Рахмон
Тоқаев пен Рахмон екіжақты келіссөз өткізді

Тоқаев пен Рахмон екіжақты келіссөз өткізді

Былтыр екі ел арасындағы өзара сауда-саттық көлемі 800 миллион долларға жетті.

Тоқаев бес ел президентімен телефон арқылы сөйлесті

Телефон арқылы әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттері бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Тоқаев Тәжікстанға баратын болды

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөздер өткізеді.

Тәжікстанда президент сайлауының қорытындысы шықты

Елді 1992 жылдан бері басқарған Рахмон үшін (посткеңестік кеңістіктегі ең ұзақ) бұл бесінші сайлау болатын.

Тәжікстан президенті мэр-ұлына Душанбені қалай басқару керектігі жөнінде бес кеңес берді (ВИДЕО)

Қаңтар айында "Бейбітшіліктің және бірліктің негізін қалаушы" және "Ұлт лидері" Эмомали Рахмон бұған дейін ұлын Тәжікстан астанасы Душанбе мэрі етіп тағайындаған болатын. Отызға толмаған Рустам Эмомали ТМД елдері ішіндегі ең жас әкім болып саналады.

Эмомали Рахмон қызын президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 27 қаңтарда үлкен қызы Озода Эмомалиді президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады деп хабарлайды Азаттық радиосының Тәжік редакциясы. Озода Эмомали бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Эмомали Рахмон өмірінің соңына дейін президент тағында отыруы мүмкін

Тәжікстан парламенті ел конституциясына енгізуге ұсынылған түзетулер жобасын қарауға кірісіп кетті. Егер басты заң жинағына өзгерістер еніп жатса президент Эмомали Рахмон өмірінің соңына дейін мемлекетті басқаратын болады. Бұл жайында үкіметтегі сенімді дереккөздерге сілтеме жасай отырып "Интерфакс" хабарлады.