19.08.2023, 11:30

Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты

Фото: polisia.kz
Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды POLISIA.KZ.

19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Балқаш – Приозерск тас жолында, Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.