19.08.2023, 14:30

Мемлекет басшысы ресми сапармен Вьетнамға барады

Фото: Gov.kz
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіп нысанын аралайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен 20-22 тамыз күндері Ханойға ресми сапармен барады, деп хабарлайды  Ақорда

Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, Вьетамның ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.