$ 443.44  480.51  4.88

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Кінәлі жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлады Polisia.kz 

Полиция қызметккерлерінің мәліметінше, 18 тамызда сағат 23:30 шамасында Бәйдібек аудандық ПБ-нің «102» арнасына жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Облыстық маңызы бар Шаян – Екпінді тасжолы бойында Nissan көлігі қарама-қарсы жол бөлігіне шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқаны анықталды.

Салдарынан Mercedes өртеніп, ішінде болған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен, – делінген хабарламада.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сот-сараптамалары тағайындалды. Кінәлі жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары