$ 443.44  480.51  4.88

Ақтөбе облысында балалар лагерінен алкоголь өнімдері табылды

Прокуратура органдары тексеру бастағаннан кейін лагерьлердің бірі өз қызметін тоқтатты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Тексеру нәтижелері бойынша Ақтөбе облысындағы лагерьлерде санитарлық нормалар және өртке қарсы қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Бұл туралы Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Лагерьлердің тиісті санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болмаған.

«Облыс лагерлерінің бірінде санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыдан басқа, жер учаскесіне меншік құқығы болмаған, үй-жайдың өзі қандай да бір рұқсат құжаттарынсыз салынған. Прокуратура органдары тексеру бастағаннан кейін лагерьлердің бірі өз қызметін тоқтатты, өйткені ол заң талаптарына сәйкес келмеді. Тағы бір лагерьді тоқтата тұру мәселесі шешіліп жатыр. Қадағалау органының шараларымен балаларды талаптарға сай келмейтін лагерьге қабылдауға жол берілмеді», - деді Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Лагерьлердің бірінде сауна жұмыс істеген, онда олар бірнеше күн бұрын алкогольдік ішімдіктерді ішкен. Тексеріс барысында үстелде алкоголь ішімдіктерінің бос бөтелкелері анықталған.

«Ас бөлмелерінде антисанитария анықталды: жәндіктер және темекі тартқандығы байқалады. Тексеруге тартылған СЭС мамандарымен бактериялардың шайылуын зерттеу кезінде ішек таяқшалары табылды. Лагерь корпустары жөндеуді қажет етеді, олардың кейбіреулерінде терезе саңылаулары жоқ, бұл табиғи жарық пен таза ауаның жетіспеушілігіне әкелді»,- делінген хабарламада.

«Шұғыла» лагерінде 218 балаға есептелген үй-жайда 268 кәмелетке толмаған бала орналастырылған.

«Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін қызметкерлерді, сондай-ақ тиісті біліктілігі мен медициналық сертификаты жоқ медицина қызметкерлерін жұмысқа қабылдау фактілері анықталды. Тексеру жалғасады, барлық анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалаудың тиісті шаралары қабылданатын болады», - дейді Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары