20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы компания сайтына сілтеме жасап.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның бас директоры Владимир Яблонский қаза болған әріптес-кеншілердің отбасылары, туған-туыстары мен жақындарына ұжым атынан көңіл айтып, 20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да қаралы күн болып жарияланғанын мәлім етті.
Орны толмас қазаға ортақтаса отырып, көз жұмған әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерлерге жан-жақты қамқорлық пен сауықтыруда көмек көрсетіледі.
Компания апат себебін анықтау үшін және алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталанбауына бар күш-жігерін салады, - деді ол.