$ 495.2  522.34  4.94

«Саған да, оған да адалмын»: Бәйбішесіне арнап ән шығарған Әбдіжаппар Әлқожаның басы дауға қалды (ВИДЕО)

Ол "Бәйбіше" деп аталатын әнінен үзінді жариялап: "Бұл әнге тек бәйбішелеріңізбен билеңіздер", деп жазба қалдырған.
Фото: @abdizhappar_alkozha
Фото: @abdizhappar_alkozha

Әбдіжаппар Әлқожа жаңа әнінен үзінді жариялады. Бәйбішеге арналған ән желіде екіұдай пікір қалдыруда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ол "Бәйбіше" деп аталатын әнінен үзінді жариялап: "Бұл әнге тек бәйбішелеріңізбен билеңіздер", деп жазба қалдырған.

Әннің мәтініндегі: - Жан әлемің әдемі, соған қарармын, Үйде көп болмасам да, қоғамда бармын. Негізінде, мен саған, жаным адалмын, Оған да адалмын, саған да адалмын", - деген жолдар желі қолданушылары арасында түрлі пікірталас тудырды.

"Тоқал деп үйдегі жарыңның жанын жараладың-ау сен, алтындай 3 ұл туып берген адал жарыңа"; "Тоқалдарға точно ұнамайды"; "Оған да адалмын дегені қалай кетті?!" "Тоқалың бар ма?", - деп жазды желі қолданушылары.

Әбдіжаппар болса, басындағы бір әйелімен бақытты екенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары