$ 524.65  552.19  5.14

«Қазақстан» шахтасындағы апат: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

8 кеншінің жағдайы орташа ауыр дәрежеде, қалғандары қанағаттанарлық жағдайға жақын.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Дәрігерлер "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт кезінде зардап шеккендердің жағдайына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақ халаттылардың сөзінше, ауруханада зардап шеккен 13 адам жатыр, олар барлық қажетті ем алуда. 8 кеншінің жағдайы орташа ауыр дәрежеде, қалғандары қанағаттанарлық жағдайға жақын.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огайдың айтуынша, шахтада өртті оқшаулауға кіріскен.

Еске салайық, 17 тамызда “АрселорМиттал Теміртау” көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. 

Бастапқыда апаттан зардап шеккендер саны алты адамға жеткені хабарланған. Кейін зардап шеккендар саны 13-ке жеткені белгілі болды.

Өрт кезінде «Қазақстан» шахтасынан шыға алмай қалған бес кенші де қаза тапты.

Олар:

1. Денис Стешин, 1978 ж.т., жерасты туннельшісі, 4-разряд, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Халиков Артур, 1994 ж.т., жер асты электромонтері, 4-разряд, жұмыс өтілі 10 жыл;
3. Виктор Бургун, 1966 ж.т., жерасты электромонтер, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
4. Слюнков Виталий, 1965 ж.т., жерасты электромонтер, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
5. Илья Старовойт, 1996 ж.т., жер асты электромонтері, 3-разряд, жұмыс өтілі 4 жыл.

Шахтинск қаласының полициясы ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, апатқа жауапты басшылар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары