$ 443.44  480.51  4.88

«Бірнеше жігіт қызды зорламақ болған»: Ақтау полициясы желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

30 жастағы азамат пен 21 жастағы азаматша Ақтау қаласы полиция басқармасына жеткізілді.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Ақтау полициясы пәтерде бірнеше ер адамның бойжеткенді зорламақ болғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде тараған жазбаға сүйенсек, оқиға Green Plaza тұрғын үй кешенінде орын алған. 

Қыз пәтерден шығып үлгерген, тор арқылы жүгіріп, төменгі қабатқа секіріпті. Ер адамдардың бірі ұсталды, қалғандары қашып кеткен. Қыздың қолы көгеріп қалған, бұл видеоны таратыңыздаршы, – делінген жазбада. 

Ал полиция департаменті бұл деректі жоққа шығарды. Тексеріс кезінде мұнда ер адам мен 21 жастағы қыздың арасында жанжал туындапты. 

2023 жылдың 20 тамыз күні сағат 22:39 шамасында Ақтау қаласы полиция бөлімі жедел басқару орталығының 102 пультіне көмек сұраған қыз баладан шақырту келіп түсті. Көрсетілген мекенжайға бірден учаскелік полиция инспекторы барды. Белгілі болғандай, ер адам мен азаматша өзара түсініспеушіліктің нәтижесінде бір-бірімен сөзге келіп қалып, арты ұрысқа ұласқан. 30 жастағы азамат пен 21 жастағы азаматша Ақтау қаласы полиция басқармасына жеткізілді. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – делінген хабарламада. 

Полиция екеуінің бір-біріне арыз-шағымы жоқ екенін мәлімдеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары