21.08.2023, 16:00

«Қазақстан» шахтасы қасақана өртелгені рас па?

фото: inform.kz
Қазіргі кезде тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 Кейбір ақпарат агенттіктері мен әлеуметтік желілерде Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасай отырып «Қазақстан» шахтасы қасақана өртелді деген мәлімет тарады. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі кезде тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, өрттің себебін анықтайтын сараптамалар тағайындалды.

«Облыс тұрғындарынан ықтимал қауесет пен арандатушылыққа берілмеуін, тек ресми ақпаратқа жүгінуін сұраймыз» деп ескертті ведомстводан.

Еске сала кетейік, ҚР Қылмыстьық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар.

Еске салсақ, 17 тамыз күні Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өрт тұтанды.

Тегтер: шахта фейк