22.08.2023, 05:30

Шавкат Рахмонов елімізде өтуі мүмкін UFC жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Фото: instagram/shavkatrakhmonov94
Қазақстан дайын.

Шавкат Рахмонов елімізде UFC жекпе-жегін өткізу мүмкіндігіне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.кz. 

Sports.ru сайтының мәліметінше, Қазақстан аталмыш жекпе-жекті өткізуге дайын.

Әрине, бұл жайлы Данамен сөйлесуге болады. Көреміз. Әйтеуір, Қазақстанда турнир өтуі керек қой. Пандемияға дейін өткізгісі келді. Егер UFC келіссе, Қазақстан дайын. Күтеміз. Мұның бәрі UFC-ге, Дана Уайтқа байланысты. Бізде өткізетін адам табылады. Бұл туралы Саят Әбдірахмановқа да айтқам. Өзіндік нюанстары бар. Нақты ештеңе дей алмаймын. Мүмкін, алдағы уақытта Қазақстанда UFC жекпе-жегі өтетін шығар, - деді Рахмонов.