Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вьетнамға барды. "Борт №1" Telegram арнасы Вьетнамның бірінші президенті Хо Ши Мин мен мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың мұрағаттағы суреттерін жариялады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өз сөзінде мемлекет басшысы ретінде Вьетнамға бірінші рет келгенін атап өтті. 1959 жылы осындай сапармен біздің елімізге Вьетнамның бірінші президенті және ұлттық көшбасшысы Хо Ши Мин келген. Оны ҚазССР министрлер кеңесінің төрағасы Дінмұхамед Қонаев қарсы алды, - делінген хабарламада.
Ақорданың мәліметінше, Хо Ши Мин танымал қазақ ғалымы Қаныш Сәтпаевпен де жүздескен.