Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Түркістан облысында Сырдария өзеніне адамдардың батып кету оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазір іздеу жалғасып жатыр. Сонымен қатар, тергеу органдары бұл оқиғаның сабебін анықтауға кірісті. Қайғылы оқиға болған жерде суға шомылу үшін тиісті жағдай жасалмаған. Ол жерге төрт отбасы демалуға барған. Лауазымды адамдардың жауапкершілігі тексеруден кейін анықталады, - деді С. Шәріпханов Үкіметте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.