22.08.2023, 13:00

Алматы облысында Атом электр стансасын салу мәселесі талқыға салынды

Фото: pixabay
Қоғам белсенділері плакаттармен шығып, құрылысқа қарсылық білдірді.

Алматы облысында Атом электр стансасын салу бойынша қызу пікірталас болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

«Мақұл» және «қарсымыз» деген пікірлер тыңдалды. Түрлі көзқарас арасындағы қызу тартыс Жамбыл облысының әкімі Нұрлан Ертастың сөзін бұзып жібере жаздады.

Қоғам белсенділері плакаттармен шығып, құрылысқа қарсылық білдірді. Бірақ Үлкен ауылының тұрғындары бұл идеяны қошеметпен қолдады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жоба Үлкенге «жаңа тыныс беріп», халықты жұмыспен қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысында атом электр стансасын салу туралы шешім неліктен жалпыхалықтық референдум емес, қоғамдық тыңдаулар негізінде қабылданатынын түсіндірді.