Баланы туғаннан бастап 7 жасқа дейін сүндеттеген дұрыс. Бұл туралы уролог-онколог Нұржан Нұрғалиев «Dope soz» подкастында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Ең дұрысы пубертат уақытына дейін сүндеттеген дұрыс. 13 жас - үлкен жас болып кетеді. Ол кезде жыныстық даму белсенді болып кетеді. Біз тақ сандағы жаста сүндетке отырғызу туралы айтамыз. Көбіне 5 немесе 7 жаста сүндеттеу керек деп үйреніп қалғанбыз. Ал жалпы туғаннан бастап 7 жасқа дейін сүндеттеген дұрыс, - дейді Нұржан Нұрғалиев.
Оның айтуынша, сүндеттеу - денсаулыққа пайдалы екенін атап өтті.
Оны дінмен байланыстырмай-ақ денсаулыққа тиімді екенін түсіну керек. Мысалы, АҚШ-та 1996 жылға дейін көп баланы сүндеттеді. Бүгінде статистика бойынша, ер адамдардың 70 пайызы сүндеттелген. Ислам елдерінде 99 пайыз және кейбір Еуропа елдеріндегі ер адамдардың 20 пайызы сүндеттелген. Африка елдерінде 2000-жылдары зерттеу жүргізілген. Яғни сүндеттелген және сүндеттелмеген ер адамдарда инфекция жұқтыруда айырмашылық болған, - дейді ол.