22.08.2023, 16:20

Qazaq Air әуекомпаниясының жекеге өтуі билет бағасына әсер ете ме

Фото: QAZAQ AIR баспасөз қызметі
Жекешелендірудің негізгі мақсаты – әуекомпанияны бәсекеге қабілетті ету.

"Qazaq Air" АҚ басқарма төрағасы Еркін Наурызбаев компанияны жекешелендіру билет бағасына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әуекомпания басшысының айтуынша, жекешелендірудің негізгі мақсаты – әуекомпанияны бәсекеге қабілетті ету. Сонымен қатар, ол  билеттер тарифтер негізінде реттелмегенін атап өтті.

Жаңа инвестордың келуімен әуекомпания дамиды және нарықта бәсекелестік орта құра алады деп болжап отырмыз. Осылай әуебилеттердің бағасын реттей алады, – деді " Qazaq Air " АҚ басқарма төрағасы Еркін Наурызбаев.

Естеріңізге салсақ, 18 тамызда Qazaq Air әуекомпаниясы жекешелендіруге шығарылған болатын.