$ 443.37  474.49  4.83

Әйгілі әнші Тото Кутуньо қайтыс болды

Ол Миландағы Сан-Рафаэль ауруханасында көз жұмған.
Фото: krasivoe-foto.ru
Фото: krasivoe-foto.ru

Әйгілі әнші әрі композитор Тото Кутуньо 80 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Италияның ANSA агенттігі келтірген деректерге сенсек, әнші Миландағы Сан-Рафаэль ауруханасында көз жұмған.

Әншінің менеджері Данило Манкузо агенттікке әншінің көптен бері сырқаттанып жүргенін, соңғы айларда ұзаққа созылған ауруынан жағдайы күрт нашарлағанын айтқан. 

Оның, әсіресе, L’italiano, Buonanotte сынды әндері Италия ғана емес, сондай-ақ шет мемлекеттерде де өте танымал. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары