$ 441.44  473.09  4.75

Куәгерлер Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы айтты (ВИДЕО)

Қазір өзен жағасында суға кеткен тағы екі бала іздестіріліп жатыр.
Фото: t.me/qr_tjm
Фото: t.me/qr_tjm

Түркістан облысы Отырар ауданы Көксарай ауылына жақын жердегі Сырдария өзеніне батқан 11 адамды құтқармақшы болғандар оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Otyrar.kz порталының мәліметінше, ауыл тұрғындары жағада демалып отырғанда бір бала суға тұншыға бастағанын айтқан. Оны үлкендер көріп, құтқармақ болғанда қалған балалар да бірінен кейін бірі суға секіре беріпті.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында Сырдарияға 11 адам батып кетті

«Бәрі бір адамды құтқармақ болған»: Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты тың дерек шықты

Бірінші сол үйдің бір баласы түсті деді. Кішкентай емес енді. 10-ды бітірген болуы керек. Содан соны құтқарамын деп, анасы кеткен. Анасының артынан қыздары секіре берген деді ғой жанұшырып. Құтқарамын деп кеткен шығар енді. Басқа не болады енді? Бір үйден анасымен қосқанда бесеуі кетті, бір үйден үшеуі кетті. Бәрі бір атанының балалары ғой. Бір атадан төрт бала болса, сол төрт баланың ұл-қыздары ғой. Немере, - дейді Көксарай ауылының тұрғыны Мұсабек Сарымбет.

Суға батқандардың айғайлаған дауысын естіп, жақын маңда балық аулап отырған тұрғындар көмекке жеткен. Әйтпегенде 20 адам да суға кетіп қалуы мүмкін екен. 

Тағы оқыңыз: 11 адам суға кеткен: Төтенше жағдайлар министрі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Түркістан облысында суға кеткен тағы бір адамның денесі табылды

Осы жағада су терең ғой, осы жағадан шығардық, 1-1,5 метрдей келетін су. Әрі қарай терең ғой. Өзіміз бірдеңе ғып шықтық қой, бір-бірімізге көмектесіп, қолымыздан тартып, - дейді Отырар ауданының тұрғыны Әділхан Аманов.

Қазір өзен жағасында суға кеткен тағы екі бала іздестіріліп жатыр. Олардың біреуі 10-да, енді біреуі 12 жаста. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары