$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ұзартылды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ұзартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 16 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін, - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, 2022 жылдың 24 сәуірінде сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары