$ 494.87  520.65  4.91

Күректер мен қазандар жасалады: Биыл елімізде 20 млн теңгенің жол белгілері ұрланған

Белгісіз адамдар жарық бағыттайтын екі үлкен трансформаторды ұрлаған жағдайлар да тіркелген.
Фото: kz.qaj.kz
Фото: kz.qaj.kz

Республикалық маңызы бар жолдарда жыл сайын жол инфрақұрылымы элементтерін ұрлау фактілерінің тіркелуі жалғасып келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, өткен жылдармен салыстырғанда жол инфрақұрылымы элементтерін ұрлау фактілері азайған.

"Мәселен, 2023 жылдың басынан бері республикалық маңыздағы күре жолдардан шамамен 20 млн теңге сомаға жол инфрақұрылымы элементтері ұрланды (салыстырмалы түрде, 2021 жылы бұл шығын 60 миллион теңгеден асқан болатын).

Жол бойынан көбінесе жол белгілері, үй жануарларының жолға шығып кетуінен қорғайтын торлы қоршаулар, катафоттар мен стробоскоптар ұрланады. Белгісіз адамдар жарық бағыттайтын екі үлкен трансформаторды ұрлаған жағдайлар да тіркелді", - делінген хабарламада.

Ұрланған жол инфрақұрылымы элементтері көбінесе тұрмыстық мақсаттарда қолданылады (фотодағыдай): төртбұрышты жол белгілерінен күректер, дөңгелек пішінді жол белгілерінен табалар мен қазандарға арналған қақпақтар, үй жануарларының жолға шығып кетуінен қорғайтын торлардан үй қоршаулары жасалса, жарықдиодты катафоттар велосипедтерге бекітіледі екен.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары