23.08.2023, 11:20

Сырдарияға батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды

Фото: облыс әкімдігінен
Ол да кәмелетке толмаған жасөспірім.

Түркістан облысында Сырдария суына батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құтқарушылар бүгін сағат 10:40 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Енді суға батып кеткен бір адам іздестіріліп жатыр. Ол да кәмелетке толмаған жасөспірім.

Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.