$ 442.05  474.14  4.74

Елімізде жаңа мемлекеттік университет құрылды

Жаңа оқу орны Жезғазған қаласында орналасады.
Фото: buki.kz
Фото: buki.kz

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы қаулысымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлытау техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлытау техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын, - делінген құжатта.

Жаңа оқу орны Жезғазған қаласында орналасады.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында білім беру қызметтерін көрсету болып табылады.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары