24.08.2023, 03:30

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды

фото: polisia.kz
Жол апатынан 5 адам оқиға орнында қаза тапты.

Қызылорда облысындағы жол апатына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Polisia.kz жазуынша, Бүгін, 23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болған. Тағы 3 адам жарақат алды.

ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.