$ 494.87  520.65  4.91

Әулиекөлдегі өрт: орман шаруашылығының экс-директоры сот залынан босатылды

Істі қарау кезінде сот қылмыстық іс бабын ауыстырды.
Коллаж: Azattyq Ruhy
Коллаж: Azattyq Ruhy

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған ірі өртке қатысы бар деп айыпталған «Басаман» орман шаруашылығының директоры сот залынан босатылды, деп «Қостанай жаңалықтары» басылымы.

Еске салайық, айыптау актісіне сәйкес, 2020 жыл - 2022 жылдың қыркүйегі аралығында орман шаруашылығының бұрынғы директоры Асхат Жақашев лауазымын пайдаланып, жекеменшік иелеріне өрт тұтану қаупі жоғары кезеңде ағаштарды рұқсат құжаттарсыз кесуге мүмкіндік берген. Сол үшін 15 млн теңге көлемінде сыйақы алған деп айыпталды.

Прокурор Асхат Жақашевті 7 жылға бас бостандығынан айырып, зардап шеккендердің азаматтық арызы бойынша 21 млрд теңге көлемінде өтемақы талап етті.

Істі қарау кезінде сот қылмыстық іс бабын ауыстырды: Жақашев ісі сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы («Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша берілген болатын. Бұл қылмыстың құрамын сот дәлелсіз деп тапты. Нәтижесінде А.Жақашевті «Салғырттық» бабы бойынша кінәлі деп таныды.

Сот Асхат Жақашевтің бостандығын 3 жылға шектеп, үш жыл белгілі бір қызметтерді атқару құқығынан айырды. Зардап шеккендердің азаматтық арызы бойынша талаптарын сот қанағаттандырмады.

Істі соттың қарауы кезінде Жақашев қамауда болды.

Естеріңізге салайық, былтыр қыркүйек айында Әулиекөл ауданында орман алқабы өртеніп, 43 мың гектар жер күлге айналған еді. Сол алапат өртте 12 адам түрлі жарақат алып, 1 адам көз жұмған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сот #Әулиекөл