$ 441.66  475.14  4.86

«Қызметтік көлікке жезөкшелерді мінгізді»: Шымкент полициясы түсініктеме берді (ВИДЕО)

Кадрлардан қызметтік көліктің қалай тоқтағанын, содан кейін оған екі қыздың отырғанын көруге болады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде шымкенттік полицейлердің жезөкшелерді қызметтік көліктеріне мінгізген сәті түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы  Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Stan.kz мәліметінше, кадрлардан қызметтік көліктің қалай тоқтағанын, содан кейін оған екі қыздың отырғанын көруге болады. Бейне желіде өте белсенді талқылануда. Кейбір азаматтар полицейлердің әрекетін сынаса, енді біреулері асығыс қорытынды жасамауды сұрайды.

Шымкент қалалық полиция департаменті видеоға қатысты мәлімдеме жасады.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Шымкент ҚПД қызметкерлері екі қыздың полицияның қызметтік автокөлігіне отырған сәті түсірілген бейнежазбаны анықтады. Бұл жайт 22 тамызда кешкі уақытта болған. Әкімшілік аумақта қызмет атқару кезінде Тұран АПБ патрульдік полиция полкінің автоэкипаж инспекторларынан екі қыз көмек сұраған. Қыздар саябақта белгісіз ер адамдар оларға тиіскенін хабарлаған (ауызша арызданған). Арызданушылармен бірге жақын маңдағы аумақтарды аралаған тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды таппай, қыздардың өтініші бойынша оларды қауіпсіз жерге түсіріп кеткен. Полиция әлеуметтік желі қолданушыларынан жалған ақпарат таратпауды сұрайды, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары