$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстанның 33 тарихи ескерткіші ЮНЕСКО тізіміне қосылды

Қазақстанның 33 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұрасына қосылды. Оның бесеуі Жамбыл облысынан, деп хабарлайды «Қазақпарат».

«Ежелгі Тараздың ескерткіштері» тарихи-мәдени мұражай қорығының директоры Тәкен Молдақынов ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиялардың бірінші аймақаралық жиынында Қазақстанның 33 тарихи ескерткіші «Жібек жолының ескерткіштері: Тянь-Шань дәлізі» аталымы бойынша бүкіләлемдік мұра тізіміне қосылғанын хабарлады.

— 33 нысанның бесеуі Жамбыл облысында. Бұлар - Ақтөбе, Құлан, Өрнек, Қостөбе, сонымен бірге Ақыртас қалалары. Осы нысандарда археологиялық қазбалар кезінде ежелгі заманда сауда айналымының өркендегенін дәлелдейтін көптеген артефактілер табылды, —деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, ЮНЕСКО тізіміне барлығы екі қазақстандық тарихи ескерткіш —Түркістандағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі мен «Тамғалы тас» шатқалы енген.

Т.Молдақынов қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан Ақтөбе қалашығы болжаммен орта ғасырдағы Баласағұн қаласы болып саналатынын атап өтті. Археологиялық қазбалар кезінде мұнда сарай кешені мен тұрғын үй құрылыстарының фрагменттері табылған. Ал Құлан, Қостөбе және Өрнек қалашықтарын қазу кезінде жүзімді өңдеу бойынша шеберхана, күйдірген сары балшықтан қашап жасалған ғибадатхана, ортағысырлық мешіт табылды.

Белгілі қазақстандық археолог, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстандық археологиялық қоғамының төрағасы Карл Байпақовтың пікірінше, осы күні Тараз қаласының қазба жұмыстары толықтай жүргізіліп жатыр.

— Тараз - Ұлы Жібек жолының ірі түйіні, Батыс Түрік қағанатының алғашқы мемлекеттерінің саяси орталығы, өздерінің ақша сарайы болған Қарахандар мемлекетінің астанасы болды. Тараз қалшығының тарихтағы орны бөлек, сондықтан да Юнеско тізімге енгізілуі керек, — дейді К.Байпақов.

Еске сала кетейік, 2012 жылы Тараздың бұрынғы орталық базарының аумағында ежелгі Тараз қаласының қазба жұмыстары басталды. Базар жабылды, ал сатушылар облыс орталығының басқа базарларына көшірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары