$ 498.34  519.72  4.85

40 мыңнан астам астаналық оқушылар жазғы демалыс лагерлерінде демалды

Жазғы лагерлер аяқталып, оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Биылғы демалыс кезінде қала оқушыларына арналған демалыс «Арман», «Батыр», «Боровичок» сауықтыру лагерлері, мектеп жанындағы лагерлер, сонымен бірге «Дидарлы жаз» спорттық-ойын алаңдары және «Айбынды маусым» әскери-спорттық алаңдарында ұйымдастырылды. Сонымен бірге, оқушылар үшін «Жазғы шығармашылық мектебі» мен М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы жанында «Жазғы демалыс академиясы» ашылды. Білім басқармасының мәлімдеуінше, жазғы маусымда лагерлер мен мектеп жанындағы алаңдарға 40 041 оқушы тартылған, деп хабаралйды astana.kz сайты. 

Астаналық мектеп базасында ұйымдастырылған 68 лагерде 31 402 оқушы демалды. «Арман» спорттық-сауықтыру лагері 5 ауысымда қатарында жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардың балалары бар 1650 баланы қабылдады. «Батыр» шатырлы лагерінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан 349 бала демалысын өткізді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 200 бала «Боровичок» лагеріне жіберілді.

5-7 сыныптардың 3920 оқушысы жазғы маусымда «Дидарлы жаз» спорттық-ойын алаңдарына қатысты. 2100 жоғары сынып оқушылары «Айбынды маусым» әскери-спорттық алаңына жиналды. Ал Оқушылар сарайы жанындағы «Жазғы демалыс академиясы» мен «Жазғы шығармашылық мектебі» 420 оқушының жазғы демалысы пайдалы да қызықты өтуіне ұйытқы болды.

Жыл сайын жазғы лагерлер, мектептер, академия, қызығушылық бойынша түрлі үйірмелер оқушыларға есігін айқара ашады және әр оқушының интеллектуалды қабілеті мен шығармашылығын шыңдауға, демалысы мен сауықтыруға қолайлы жағдай туғызады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары